«Бүгінгі таңда қайтыс болған адамдар санының өсуі аурушаңдықтың белеу алуына, ауруханаға түсіп жатқан науқастардың артуына байланысты. Өткен аймен салыстырғанның өзінде ауруханаға түскен науқастардың саны 2,5 есеге артып отыр. Өткен айда 4 мыңға жуық адам ем алса, қазір 10,5 мың адам аруханаға түсті. Аурухана түскен адамдардың 600-ден астамы қатаң түрде жансақтау бөлімінде жатыр. Осы қатаң түрде немесе ауруды асқындырып алып, ауруханаға түскен адамдардың көбі үйінде өз бетінше емделген. Дәрігердің емес өзге адамдардың кеңесімен емделгендер де бар», - деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Оның атап өтуінше, осыған байланысты еліміздің барлық өңірінде мобильдік бригадалар жұмыс істейді.
«Учаскелік дәрігеріңізге хабарласып, мобильдік бригада шақырсаңыз дер кезінде дәрі-дәрмек әкеледі. Тест алып, үйде не ауруханада ем алуыңызды анықтайды. Сондықтан уақыт өткізіп алмауыңызды, өз бетінше емделмеуіңізді сұраймыз», - деді ол.