Әжелер елордалық автобуста «Қамажай» әнін орындап берді
Әлеуметтік желіге тарап кеткен видео біршама қаралып, көпшіліктің оң пікіріне ие болып жатыр. Расында да, әнді тыңдап көрсеңіз, әжелердің вокалдық тұрғыда кәсібилігі барын аңғаруға болады. «Астана LRT» баспасөз қызметі де бұл болжамды растап отыр.
«Бұл әжелер Павлодар облысынан келген ансамбль мүшелері. Олар өздері Наурыз мейрамы қарсаңында Астанаға концерт қоюға келгенін айтты. Әжелер «Жастар сарайы» аялдамасынан отырып, Күйші Дина аялдамасына дейін жолаушылардың көңілін көтерумен болды. Ән шырқап, әзіл айтқан әжелерге жолаушылар да қосылып кетті. Олар - зейнеткерлер, арасында мүмкіндігі шектеулі жандар да бар», - деп хабарлады «Астана LRT» ұйымының баспасөз хатшысы Науат Азанбаева.
Публикация от 🔝ПОПУЛЯРНОЕ ВИДЕО КАЗНЕТА🔝 (@instavideokz) 17 Мар 2018 в 10:19 PDT