Мерекеге орай «Әжелер шаңырағы» этномәдени ансамблі қоғамдық көлікте музыкалық құттықтау ұйымдастырды. Ансамбль мүшелері соғыс жылдарының әндері мен қазақ халық әндерін орындады. Бұл репертуар батырлар ерлігін еске алумен қатар, елдің мәдени мұрасын насихаттауға бағытталды. Таныс әуендер жолаушыларға тосын сый болып, мерекелік көңіл-күй туғызды.
Ансамбль өкілдерінің айтуынша, мұндай өнер шаралары жыл сайын өткізіліп, қалада дәстүрге айналып келеді. Олар Жеңіс күніне орай тұрғындарды өнер арқылы құттықтап, ұрпақтар сабақтастығын көрсетуге тырысқанын атап өтті.
Жолаушылар өнерпаздардың орындауын жылы қабылдап, бірге ән айтып, мерекелік атмосфераға үлес қосты.
Еске сала кетейік, бұған дейін елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шыққанын жазған едік.