Беттегі әжімдері кетіріп, теріні тегістейтін май, коллаген, гиалурондық қышқыл және басқа да гель тәрізді жасартатын екпе соңғы жылдары сұранысқа ие косметикалық процедуралардың бірі болып табылады. Бұл көбінесе еккен тұстардың көгеріп немесе ісіп кетуіне әкеліп соғады. АҚШ-тың Өнімдер және дәрі-дәрмек басқармасы аталмыш екпені ерінің айналасындағы беттің ортаңғы бөліктеріне ғана пайдаланған дұрыс деп санайды. Себебі, қазір сұлулық салондарында жасалатын екпелер дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылмайды. Соның салдарынан көптеген қиындықтар туындап отыр.
Атап айтқанда, офтальмолог Мишель Карл пен Retina Vitreous Associates Medical Group орталығындағы оның әріптестері Лос-Анджелесте екпеден соң үш адамның көру қабілеті нашарлап қалғанын айтып отыр. Пациенттердің бәрі 40 жас шамасындағы әйелдер маңдайындағы әжімді кетіру үшін бұқа коллагені мен артефилл биогелі екпесін жасатқан. Процедурадан кейін бірінің оң жақ көзі, қалған екеуінің екі көзі көрмей қалған.
«Осындай процедураларды жасамас бұрын, кеңес берген кезде пациенттерге теріасты екпелерінің кері әсерінің ішіне көздің көру қабілетін жоғалту тәуекелін ескертіп, алдын ала хабардар ету керек», - дейді офтальмтлог Мишель Карл.