Азиада-2011 Алау эстафетасы Өскеменде өтіп жатыр

ӨСКЕМЕН. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Осы сағаттарда Өскеменнің басты көшелерінде 60 шығысқазақстандық алаугер Азиада-2011 алауын Эстафета бағыты бойынша «Восток» стадионынан Республика даңғылына дейін алып жүруде.

Алаугерлердің салтанатты шеруіне атты адамдар, мамандандырылған көлік пен репортерлер де еріп келеді.

Кеше кешкі алагеуімде Азиада алауы арнайы рейспен облыс орталығының әуежайына жеткізілді, оны жергілікті спорт элитасы, атқарушы билік пен аймақтың құрметті азаматтары қарсы алды. Азиада-2011 Алауы «қорғаушылардың» көмегімен «Халық банкі» АҚ филиалына жеткізіліп, бүгін таңертең Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бастап берген Алау эстафетасының кезекті сатысы басталды.

Эстафетаны Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданының тумасы, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева жалғастырып әкетті. Одан кейін Азиада алауын алып жүру құқығына осы аймақтың атқамінерлері, спорт тарландары мен қоғам, мәдениет, өнер, білім қайраткерлері иеленді.

Қаланың басты даңғылы бойынша Республика даңғылына дейін жеткен алаугерлер Азиада алауын Ертіс пен Үлбі жағалауымен алып жүреді. Эстафета салтанатты шеруі Борис Александров атындағы Спорт сарайында аяқталып, Алау тостағанын тұтандыру салтанаты мен үлкен гала-концерт өтеді.