САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында конькиден 10000 метрде сынға түскен жерлесіміз Дмитрий Бабенко төртінші орынға ие болды, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін 10000 метрде сынға түскен конькишілер арасында бас жүлдені Оңтүстік Кореялық Сён Хун Ли жеңіп алды. Екінші, үшінші орындар күншығыс елінің спортшылары Рёсуке Тсучия мен Сейтаро Ичиноэға бұйырды.
Қазақстандық Дмитрий Бабенко 29,34 уақытымен төртінші орыннан көрінді.
Бұның алдындағы 5000 метр қашықтықта да дәл осы спортшылар жүлде тұрғырынан көрінген болатын. Тек бұл жолы Дмитрий бір саты жоғарылап, бесінші орыннан төртінші орынға көтерілді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақ спортшылары 5 медаль жеңіп алған болатын. Оның біреуі алтын, екеуі күміс, екеуі қола медаль.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.