САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында эстафеталық шаңғы жарысынан аруларымыз жүлдесіз қалды, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.
Аруларымыз эстафеталық 4×5 шақырымда төртінші орынға табан тіреді. Бұл сайыста Қазақстан құрамасынан Ангелина Шурыга, Анжелика Тарасова, Марина Матросова, Елена Коломина өнер көрсетті.
Бұл сайыста бас жүлдені Жапония спортшылары еншілесе, екінші орынға қытайлық шаңғышылар жайғасты. Ал үздік үштікті Оңтүстік спортшылары қанжығасына байлады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.