САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы азулы қарсыластарын 1:0 есебімен ұтып кетті, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін хоккейші аруларымыз Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Нәтижесінде отандастарымыз басты қарсыластарын 1:0 есебімен қапы қалдырды.
Жалғыз шайбаны үшінші кезеңде Ажар Хамимульдинова соқты.
Естеріңізге сала кетейік, кеше хоккейші қыздарымыз Қытай құрамасымен сынға түсіп, қарсыластарына 8:3 есебімен есе жіберген болатын.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.