Азиада-2017: Хоккейден Қазақстан құрамасы Қытай командасын 8:0 есебімен ойсырата ұтты
14:50, 24 Ақпан 2017
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияда өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында хоккейден Қазақстан құрамасы Қытай командасын 8:0 есебімен ойсырата ұтты, деп хабарлайды Саппородан ҚазАқпарат тілшісі.
Бірінші және екінші кезеңде жерлестеріміз қарсыластарының қақпасына үш-үштен жауапсыз алты шайба соқса, соңғы шешуші кезеңде тағы екі шайбаны тоғытты.
Еске салайық, жерлестеріміз Саппоро қаласында өтіп жатқан Азиада додасында осымен екінші ойында жеңіске жетті. Бұған дейін қазақстандық хоккейшілер оңтүстіккореялықтарды 4:0 есебімен ұтқан болатын. Енді жерлестеріміз 26 ақпанда күншығыс елінің спортшыларымен бәсекеге түсетін болады.