САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алтыншы медаль түсті, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін қазақстандық шорт-трекші аруларымыз командалық сында өнер көрсетіп, қола жүлдені қанжығаларына байлады.
Жалпы финалдық кезеңге Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай және Қазақстан спортшылары қатысқан болатын. Бұл сында бірінші орынды Оңтүстік Корея құрамасы, екінші орынды Қытай спортшылар жеңіп алды.
Бұл жарысқа біздің құрамадан Ким Йонг, Анастасия Крестовой, Мадина Жанбусинова және Анита Нагай қатысты.
фото: Ізтұрған Алдауев
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.