Азиада-2017: Қазақстан - Саппорода медаль алған төртінші ел

None
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында Қазақстан медаль еншілеген төртінші мемлекет болды,  деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші күннің қорытындысы бойынша Қазақстан шаңғышы Елена Коломина жеңіп алған медальмен жалпы есепте төртінші орында тұр.

Коломина  медальді шаңғының 1,4 шақырымға классикалық әдіспен жүгіру түрінен жеңіп алды.

Қазір жалпы есепте Оңтүстік Корея құрамасы көш бастап келеді. Олардың қоржынында 14 жүлде (6 алтын, 3 күміс және 5 қола) болса, екінші орында Жапония құрамасы тұр. Жергілікті спортшылардың еншісінде 12 жүлде (3 алтын, 5 күміс, 4 қола) медал бар. Ал үздік үштікті Қытай елінің спортшылары түйіндеп тұр. Оларда 9 медаль (3 алтын, 3 күміс, 3 қола) бар. Қазақстан бір күміс жүлдесімен төртінші орында.

Ал өзге мемлекеттер әлі бірде-бір жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін қазақстандық спортшылар спорттың алты түрінен: керлинг, шаңғы жарыстары, шайбалы хоккей, сноуборд, конькимен жүгіру спорты, шорт-тректен өнер көрсетті. Саппорода өтіп жатқан VIII Азия ойындары 26 ақпанға дейін жалғасады. Осы аралықта спорттың 11 түрінен 64 жүлде сарапқа салынады.