Азиада-2017: Қазақстандық биатлоншылар 1 алтын, 1 күміс жеңіп алды

Фото: None
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында биатлоннан ерлер арасындадығы 10 шақырымдық спрингтік жарыстан отандасымыз 1 алтын, 1 күміс жеңіп алды, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.

Алтын медальды Ян Савицкий қоржынымызға салса, күмісті тағы бір жерлесіміз Василий Подкорытов еншіледі. Ян Савицкийдың алтыны Қазақстан қоржынына түскен екінші алтын медаль болса, Василий Подкорытов төртінші күмісті олжалады. Бұлардың алдында шаңғышы Елена Коломина тағы бір күміс жүлдені жеңіп алған болатын.

Қазір Қазақстан 2 алтын, 4 күміс және 4 қола медальмен жалпы есепте төртінші орында келеді.
 Фото: Данияр Майлыбаев

Соңғы жаңалықтар