САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азиада ойындарында қазақстандық хоккейші арулар қарсыластарынан ірі есеппен басым түсті, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.
Хоккейші қыздарымыз бүгін Гонконг құрамасымен кездесіп, оларды 19:0 есебімен ойсырата ұтты. Осылайша жерлестеріміз жүлдеге бір табан жақындай түсті.
Бұл - спортшыларымыздың VІІІ қысқы Азиада ойындарындағы екінші жеңісі. Осыған дейін, Александр Мальцев шәкірттері Оңтүстік Корея құрамасын 1:0 есебімен жеңген болатын. Оған дейін Жапониямен ойында 0:6 және Қытайдан 3:8 есебімен жеңілген болатын. Бүгінгі жеңіс Қазақстан құрамасын қола медальге бір табан жақындатты.
Енді аруларымыз 25 ақпанда Таиланд бұрымдыларымен мұз айдынында кездеседі.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.