САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында қазақстандық хоккейші қыздар Қытай құрамасымен сынға түсіп, қарсыластарына 8:3 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.
Енді жерлестеріміз ертең, яғни 21 ақпан күні Оңтүстік Корея спортшыларымен сынға түседі.
Хоккей:
Қытай - Қазақстан 8:3 (2:1, 3:1, 3:1).
Естеріңізге сала кетейік, бүгін шаңғыдан әйелдер арасында классикалық стильдегі спринттік жарыстан Елена Коломина қазақстандық спортшылардан алғашқы болып күміс жүлдені жеңіп алған болатын.
Фото:Ізтұрған Алдауев
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.