Хоккейші қыздарымыз бүгін Таиланд құрамасымен қола медальді сарапқа салған болатын. Аса тартысты өткен бәсекеде жерлестеріміз қарсыластарын 8:0 есебімен ойсырата жеңіп қола жүлдені жеңіп алды.
Естеріңізге сала кетейік, осыған екі күн бұрын хоккейші аруларымыз Гонконг құрамасымен кездесіп, оларды 19:0 есебімен ойсырата ұтқан еді. Бұл - спортшыларымыздың VІІІ қысқы Азиада ойындарындағы үшінші жеңісі. Гонконг құрамасының алдында Оңтүстік Корея құрамасын 1:0 есебімен жеңген болатын.
Отандастарымыз тек, Жапония мен Қытай құрамасынан ұтылып қалды. Жапондарға 6:0 есебімен ұтылса, қытайға 8:3 есебімен есе жіберген.
ФОТО Данияра Майлыбаева