Сегізінші қола медальды шаңғышы Марат Жапаров жеңіп алды. Ал бұл бәсекеде бірінші және екінші орындарды жарыс қожайындары - жапониялық Наоки Накамура мен Юкен Ивас жеңіп алды.
Ал дәл осы сында Сергей Ткаченко алтыншы нәтижені көрсетсе, Константин Соколенко 10-шы сатыға тұрақтады. Сабыржан Мүмінов 12-ші орынға жайғасты.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін қазақстандық шаңғышылар 4×7,5 шақырымдық эстафеталық сайыста жарыс қожайындарынан кейінгі екінші орынды жеңіп алса, фристайлшылар қоржынымызға 1 алтын 1 қола медаль салды.
Сонымен қатар бүгін биатлоншылар Қазақстан құрамасына 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль сыйлады.
17:08, 24 Ақпан 2017
Азиада-2017: Қазақстанның қоржынында тағы бір қола медаль
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір қола медальмен толықты, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.