САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында керлингтен Қазақстанның ерлер құрамасы Саппородағы жарыстарын жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін керлингтен Қазақстанның ерлер құрамасы соңғы ойынын қытайлық Тайбэй құрамасына қарсы өткізіп, 13:2 есебімен ойсырай ұтылды.
Жалпы керлингшілеріміз Азиадада бес ойын өткізіп, біреуінде ғана катарлықтармен өткен ойында 12:4 есебімен қарсыластарын ұтып, қалған төртеуінде жеңіліс тапты. Ең алғашқы жарыста Қытай құрамасымен жолығып, 12:1 есебімен жеңіліс тапса, екінші ойында Оңтүстік Корея еліне де 12:1 есебімен ойсырай жеңілді. Ал үшінші ойында шаршы алаң қожайындарына 13:4 есебімен жол берсе, бүгін қытайлық Тайбэй құрамасынан 13:2 есебімен жеңіліс тапты.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.