Азиада ойындарының ашылу салтанаты 19 ақпан күні басталады. Спортшылар шеруінде еліміздің жалауын шаңғы жарысынан бес дүркін ел чемпионы Ердос Ахмадиев ұстап шығады.
Естеріңізге сала кетейік, VIII қысқы Азиада ойындары Жапонияның Саппоро қаласында 19-26 ақпан аралығында өтеді. Оған 31 елден келген спортшылар 11 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Байрақты додада Қазақстан намысын қорғауға 153 спортшы аттанды. Олардың арасында халықаралық деңгейдегі түрлі жарыстарда жеңімпаз болған мәнерлеп сырғанаушылар Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева, конькишілер Роман Креч, Денис Кузин, Екатерина Айдова және шаңғышы Николай Чеботько бар.
Жарыстың жабылу рәсімі 26 ақпан күні кешкі сағат 18:00-де өтеді деп жоспарланған.