САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында шаңғы шаңғышы Елена Коломина Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.
Ол шаңғы жарысынан классикалық жүріспен жеке спринт (1,4 шақырым) жарысында екінші орынды иеленді.
Бұл сайыста Елена Коломина бөлек Тамара Эбель, Елена Коломина, Ангелина Шурыга, Марина Матросовалар өнер көрсеткен болатын.
Айта кетейік, бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар спорттың алты түрінен, яғни керлинг, шаңғы жарыстары, шайбалы хоккей, сноуборд, конькимен жүгіру спорты, шорт-тректен өнер көрсетеді.
фото: Ізтұрған Алдауев
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.