Азиада-2017: Шаңғышы қыздарымыз жартылай финалға жолдама алды

САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан классикалық жүріспен жеке спринт (1,4 шақырым) жарысында Тамара Эбель, Елена Коломина, Ангелина Шурыга, Марина Матросовалар жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір жарыстың бұл түрінен ерлер арасында Николай Чеботько, Сергей Черепанов, Сергей Малышев, Александр Малышев өнер көрсетіп жатыр.

Айта кетейік, бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар спорттың алты түрінен, яғни керлинг, шаңғы жарыстары, шайбалы хоккей, сноуборд, конькимен жүгіру спорты, шорт-тректен өнер көрсетеді.