САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында шорт-тректен 1 500 метр қашықтықтағы сында отандасымыз Еркебұлан Шамуханов финалдық кезеңге дейін жетіп, бесінші орынды иеленді, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.
1 500 метрде оңтүстіккореялық Се Ен Пак алдына жан салмады. Одан кейінгі екінші орынға Қытай спортшысы Дацзин Ву ие болды. Үздік үштікті тағы бір оңтүстіккореялық Чжун Су Ли жеңіп алды.
Осы орайда айта кетейік, Саппородағы Қысқы Азиада ойындарына шорт-тректен тек жастар құрамасы ғана келген болатын. Негізгі ұлттық құрама мүшелері әлем кубогының кезеңдерінде өнер көрсетуде. Сол үшін үлкен сында алғаш бақ сынаған Еркебұлан Шамухановтың бесінші орынды иеленуінің өзі үлкен ерлік.
фото: Данияр Майлыбаев
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.