АСТАНА. ҚазАқпарат - Палембангта өтіп жатқан Азия ойындарында академиялық есуден қазақстандық спортшылардың барлығы келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК-нің баспаөз қызметі мәлім еткендей, бүгін сынға түскен қазақстандық спортшылардың барлығы келесі кезеңге өтті. Ерлер арасындағы жекелей сында Иван Эксузиди 6-шы орынды иеленді.
Ал әйелдер арасында Алина Мочула төртінші нәтижені көрсетіп, финалдық кезеңге өтті.
Виталий Васильев, Григорий Феклистов, Анастас Шашков және Евгений Тацей төрттігі 6-шы орыннан көрініп, олар да финалдық кезеңге өтті.
Мария Пойда, Александра Опачанова, Светлана Германович және Виктория Чепикова іріктеу кезеңін бірінші орынмен аяқтады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.