АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар академиялық есуден жартылай финалды сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей бүгін ерлер арасындағы жекелей сында Яковлев жартылай финалды 3-ші орынмен аяқтап, финалдық кезеңге өтті.
Әйелдер арасында Александра Опачанова 1-ші орынмен финалдық кезеңге жолдама алды.
С. Германович / В. Чепикова жұбы жартылай финалда 2-ші орыннан көрінді. Аталған спортшылар да финалда бақ сынайды.
Өкінішке қарай, Е. Васильев / А. Шашков жұбы 5-ші орында. Бұл нәтиже финалға өту үшін жеткілісіз болды.
Фото: olympic.kz
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.