АСТАНА. ҚазАқпарат - Джакартада өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында баскетболдан (5x5) Қазақстан ерлер командасы топтық кезеңдегі алғашқы кездесуінде ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей Қазақстан командасы бүгін Астана уақытымен 9:00-де Филиппинге қарсы жарыс алаңына шыққан болатын.
Өкінішке қарай, төрт кезең қорытындысы бойыншы қазақстандықтар қарсыластарына 59:96 есебімен жол берді.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстан қыздар командасы да алғашқы матчта қытайлық Тайпейден ұтылып, алғашқы іріктеу сынын сәтсіз бастаған болатын.
Осы орайда айта кетейік, баскетболдан ерлер командасы Азия ойындарында D тобында сынға түсіп жатыр.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.