АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында 50 метрге брасс əдісімен жүзуден ерлер арасындағы іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін Жакартада қазақстандық Дмитрий Баландин өз тобында 50 метрге брасс əдісімен жүзуден үшінші болып келсе, жалпы есепте 5-ші орынмен финалға өтті.
Ал қорытынды есепте 12-ші орында қалған А. Қамзин финалдық кезеңнен сырт қалды.
Ақтық бәсеке Астана уақытымен сағат 17:00 басталады.
Естеріңізге сала кетейік, Баландин осыған дейін 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Азия ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.