АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында екі боксшымыз қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК-тің баспасөз қызметі мәлім еткендей бүгін
Жакартадағы Азия ойындарында боксшылар бәсекесі жалғасуда.
Бокстан 51 келіде әйелдер арасында сынға түскен Назым Қызайбай 1/8 финалда пәкістандық боксшыны жеңіп, келесі кезеңге өтсе, ерлерден 59 келідегі Асланбек Шымбергенов те пәкістандық қарсыласын 5:0 есебімен жеңді.
Осылайша, екі боксшымыз да ширек финалға жолдама алып отыр.
Бүгін тағы Азат Махметов (52 келі) пен Саматәлі Толтаев (60 келі) шаршы алаңға шығады.
Фото: www.olympic.kz
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.