АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық таеквондошы Нұрлан Мырзабаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлай ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 80 келі салмақта сынға түскен Нұрлан жартылай финалда кореялық спортшыдан бір ұпай айырмашылығымен ұтылды.
Тартысты кездесу барысында Мырзабаев бірнеше рет басымдық танытқанымен, соңғы секундтарда қарсылас жеңісті тартып әкетті. Есеп - 16:17.
Осылайша, таеквондошылар Қазақстанға тағы бір қола медаль сыйға тартты.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.