АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына көптен күткен екінші алтын медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алтын медальді велоспорттан Алексей Луценко жеңіп алды. Ол 150 шақырымдық топтық жарыста мәре сызығын бірінші болып кесіп, Азия ойындарының чемпионы атанды. Луценконың уақыт көрсеткіші - 3:25:25.
Аталған додада екінші орынды жапондық спортшы жеңіп алса, үздік үштікке Таиланд велошабондозы ие болды.
Тасжолдағы топтық жарысқа Луценкодан бөлек Даниил Фоминых, Жандос Бижігітов және Евгений Гидич қатысты. Өкінішке қарай олар жүлделі орындардан көріне алған жоқ.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.