Азиада-2018: Қазақстан 16-шы қола медалді иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 16-шы қола медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-тің баспасөз қызметі мәлім еткендей стенд атудан қазақстандық Мария Дмитриенко үздік үшінші орынға ие болды.

«Дубль-трап» бағдарламасы бойынша сынға түскен Дмитриенко жалпы есебі 125 ұпай жинады.

Алтын және күміс медаль тиісінше 136 және 134 ұпай жинаған Қытай қыздарынының еншісінде кетті.