Азиада-2018: Қазақстан қоржынына 7-ші күміс медаль түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 7-ші күміс медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК мәлім еткендей, қазақстандық теннисшілер Денис Евсеев пен Александр Бублик Азия ойындарында күміске қол жеткізді.

Теннистен ерлер арасындағы жұптасып өнер көрсеткен спортшыларымыз финалда үндістандық спортшыларға есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Қарсыластарымыз  6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бұл біздің теннисшілердің Азия ойындарындағы екінші медалі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін теннистен әйелдер арасындағы Данилина/Айнитдинова жұбы қола медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз. 

Айта кетейік, дәл қазіргі жалпы есептік көрсеткіште Қазақстан құрамасы 2 алтын, 7 күміс, 19 қола (28) медальмен 12-ші орында келе жатыр. Азия ойындары 2-ші қыркүйек күні өз мәресіне жетеді.