АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында семсерлесуден Қазақстан әйелдер құрамасы ел қоржынына сегізінші қола медалді салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК-тің баспасөз қызметі мәлім еткендей бүгін бүгін семсерлесуден Қазақстан әйелдер командасы Қазақстан қоржынына 14-ші жүлдені салды.
Тамара Почекутова, Әйгерім Сарыбай, Айбике Хабибуллина және Татьяна Приходько жартылай финалда Қытай құрамасына жол берді. Есеп - 25:45.
Семсерлесу спортының ережесі бойынша, жартылай финалда жеңіліс тапқан команда автоматты түрде қола жүлдеге иелік етеді.
Осылайша, жақында ғана Азия чемпионатынан жүлделі оралған семсерлесуші қыздар Азия ойындарында да үздіктер қатарына енді.
ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.