АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы үшінші алтын жүлдені еншілегеннен кейін жалпы есепте бір саты жоғарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін велоспорттан жекелей сында қазақстандық Алексей Луценко жеңімпаз атанып, үшінші алтынды ел қоржынына салған болатын. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы жалпы есепте Моңғолияны артқа сырғытып, 12-ші орыннан 11-шы орынға көтерілді.
Дәл қазіргі есеп бойынша Қазақстан еншісінде 3 алтын, 7 күміс, 19 қола медаль бар.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.