ЖАКАРТА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында әйелдер күресінен қазақстандық балуан Жұлдыз Ешімова финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жұлдыз Ешімова жартылай финалда моңғолиялық балуанды 12:11 есебімен ұтып, финалға шықты. Енді ол Азия ойындарының алтын медалі үшін сынға түседі.
Алғашқы айналымдарда Жұлдыз Оңтүстік Корея және Таиланд қыздарынан басым болған еді.
Финалда қазақстандық спортшы Солтүстік Корея өкілі Пак Юнг Мимен белдеседі.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.