АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов алғашқы айқасын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін Жакартадағы Азия ойындарында боксшылар бәсекесі басталды.
Қазақ боксшыларының арасынан алғаш болып 69 келідегі Асланбек Шымбергенов шаршы алаңға шығып, индонезиялық қарсыласын 5:0 есебімен тізе бүктіріп, 1/8 финалға өтті.
Бүгін Азат Махметов пен Сәния Сұлтанқызы да Азиададағы алғашқы жекпе-жектерін өткізеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.