Азиада-2018: Қазақстандық боксшы финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан 75 келіде сынға түскен Әбілхан Аманқұл Азия ойындарының финалында жұдырықтасады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әбілханның қарсыласы, үндістандық  Кришан Викас жарақатына байланысты жекпе-жекке шығудан бас тартты.

Осылайша, Әбілхан Аманқұл тікелей финалдық бәсекеге жолдама алды.