АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында қазақстандық таеквондошы Ерасыл Қайырбек жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК мәлім еткендей, ол алғашқы айналымда таиландтық спортшы Нутхави Кломпонгпен кездесіп, 26:10 есебімен жеңіске жетсе, ширек финалда малайзиялық спортшыны 12:1 есебімен жарыс жолынан тайдырды.
Енді Қайырбек жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Дайхун Лимен сынға түседі.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.