АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында теннистен жұптасып сынға түсуден Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК-тің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін Жакартада жұптасып сынға түскен теннисшілер Анна Данилина мен Гөзаль Айнитдинова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Жартылай финалда Данилина/Айнитдинова жұбы Тайпей спортшыларына 0:2 есебімен есе жіберді.
Осылайша, теннисшілер Азия ойындарындағы алғашқы медалін жеңіп алды.
Бүгін Бублик/Евсеев жұбы Азиаданың алтынына таласады. Біздің спортшылардың финалдағы қарсыласы - Үндістан командасы.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.