Азиада-2018: Қазақстандық теннисшілер жұптық сында жартылай финалға өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында теннистен Анна Данилина мен Гозаль Айнитдинова жұбы Азия ойындарының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-тің мәлім етуінше, жұптық сында жерлестеріміз қытайлық қарсыластарын 2:1 есебімен жеңді (2:6, 6:3, 10:5).

Жартылай финалда Данилина мен Айнитдинова Тайвань елінің өкілдерімен кездеседі.

Теннис ережесі бойынша, жартылай финалда жеңілген команда қола жүлдегер атанады.

Айта кетейік, Қазақстан спортшылары бүгін дәл қазіргі есеп бойынша 2 алтын, 6 күміс, 16 қола медальмен 12-ші орында келеді. Бүгін, Қазақстан қоржынына екінші алтынды велошабондоз Алексей Луценко жеңіп алды. 

Азиая ойындары 2 қыркүйек күні өз мәресіне жетеді.