АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында 400 метрге жүгіруде қазақстандық жеңіл атлет Элина Михина қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін Жакартада 400 метрге жүгіруден әйелдер бәсекесінің финалдық сыны аяқталды. Қазақстан намысын қорғаған Элина Михина 52.63 уақыт көрсеткішімен қола жүлдеге қол жеткізді.
Бұл сында Бахрейн өкілі Сальва Насер жеңімпаз атанды. Ол Азия ойындарының жаңа рекордын (50.09) орнатты. Екінші орында - үндістандық Хима Дас (50.79).
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.