АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында бүгін боксшыларымыздың қай елдің былғары қолғап шеберлерімен шаршы алаңға шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін Жакартада былғары қолғап шеберлерінің бәсекесі басталады.
Шаршы алаңға ерлерден алғаш болып 52 келідегі Азат Махметов, 69 келідегі Асланбек Шымбергенов, ал әйелдер боксынан 57 келідегі Сәния Сұлтанқызы шығады.
Азат Махметов алғашқы айналымда Біріккен Араб Әмірлігінің өкілімен айқасса, Асланбек Шымбергеновтің қарсыласы - индонезиялық боксшы. Ал Сәния Сұлтанқызы шри-ланкалық боксшымен кім мықтыны анықтайды.
Айта кетейік, боксшылар додасы Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.