ҚР ҰОК хабарлағандай бүгін Азия ойындарындағы балуандар бәсекесі мәресіне жетеді.
130 келі салмақтағы Нұрмахан Тінәлиев алғашқы іріктеу сындарынан сүрінбей өтіп, финалға шықты. Ол ширек финалда - Индонезия, жартылай финалда Жапония спортшысынан басым түсті.
Өкінішке орай, 97 келі салмақта сынға түскен Ерұлан Ысқақов Оңтүстік Корея өкіліне есе жіберсе, 77 келі салмақта белдескен тағы бір балуанымыз Асхат Ділмұхамедов 1/8 финалда филиппиндік балуанды 8:0 есебімен жеңгенімен екінші айналымда ұтылып қалды. Ділмұхамедов ширек финалда жапондық Ябику Шохеймен белдескен болатын. Кездесу 3:3 есебімен тең аяқталды. Бірақ қосымша көрсеткіштерге байланысты жеңіс жапон балуанына берілді. Ал 87 келі салмақта Азамат Құстыбаев танымал өзбекстандық балуан Рустам Ассакаловка есе жіберді. Есеп - 1:2.