АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында бүгін грек-рим күресінен ел намысын қорғаған аса ауыр салмақтағы Нұрмахан Тінәлиев күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі мәлім еткендей, грек-рим күресінен аса ауыр салмақта белдескен Нұрмахан Тінәлиев финалда өзбекстандық Момынжан Абдуллаевқа есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Белдесу 8:0 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. Отандасымыз ширек финалда - Индонезия, жартылай финалда Жапония спортшысынан басым түскен болатын.
Осы орайда айта кетейік, Нұрмахан Тінәлиев 2010 және 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін грек-рим күресінен үш балуанымыз қола медаль жеңіп алған болатын.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.