АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның регбиден әйелдер құрамасы үшінші орын үшін болған ойында таиландтық команданы тізе бүктірді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Индонезияда өтіп жатқан 2018 жылғы Азиада ойындарының соңғы күнінде қазақстандық спортшылар өнер көрсетпейді, сол себепті бұл ел қоржынына түскен соңғы медаль болып саналады.
Осылайша Қазақстанның спортшылары 76 медаль олжалады: оның 15-і алтын, 17-сі күміс, 44-і қола. Жалпы медаль саны бойынша отандастарымыз 9-шы орынға табан тіреді.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.