АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін Азия ойындарында семсерлесуден ерлер командасы сынға түсуде.
Ширек финалда Эльмир Алимжанов, Дмитрий Алексанин және Руслан Курбанов үштігі Гонконг құрамасынан 45:33 есебімен басым түсіп, жартылай финалға өтті.
Енді жартылай финалдағы Қазақстан құрамасының қарсыластары - Жапония құрамасы.
Еске сала кетейік, бұған дейін семсерлесуден Қазақстан әйелдер командасы да Азия ойындарының жартылай финалына өткендігін хабарлаған болатынбыз.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.