АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында бүгін синхронды жүзуден қазақстандық апалы-сіңілілі спортшылар финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жакартадағы жарыста бүгін синхронды жүзуден Екатерина және Александра Немич жұбы техникалық бағдарламаны үшінші орынмен аяқтады.
Апалы-сіңлілілі Екатерина мен Александра іріктеу айналымында 84.7178 ұпай жинап, үшінші орында тұр. Бұл финалға өту үшін жеткілікті ұпай.
Бірінші және екінші орынды Қытай мен Жапония спортшылары бөлісуде.
Финалдық сайыс ертең өтеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.