Қазақстан ватерполшылары қытайлық қарсыластарына жол берді. Біздің команда Қытай қыздарынан 4:11 есебімен ұтылды.
Қазақстандық команда Жапония, Қытай, Таиланд, Гонконг және Индонезиямен бірге "А" тобында сынға түседі.
Бұл топтағы өзге матчта Жапония құрамасы жарыс қожайыны саналатын Индонезияны 15:5 есебімен жеңді.
Біздің команданың келесі кездесуі 17 тамыз күні Таиландқа қарсы өтеді.