ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінің мәлім етуінше, бүгін Азия ойындарында су добынан ерлер арасындағы бәсеке басталды.
Су добынан Қазақстанның ерлер командасы алғашқы матчын Оңтүстік Корея командасына қарсы өткізіп, 16:9 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан командасының келесі кездесуі 27 тамыз күні Сингапурге қарсы өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстан құрамасы 8 медаль жеңіп алған болатын. Нақтырақ айтқанда, велошабандоз Алексей Луценко құрамаға үшінші «алтынды» салса, күміс медальды жұптаса шыққан теннисшілер Александр Бублик пен Денис Евсеев алып берді. Қола медальге джиу-джитсудан Нұржан Сейдуәлі мен Нартай Қажеков, теннисші жұптан Гүзәл Айнитдинова/Анна Данилина мен Александр Недовесов/Анна Данилина, жүзуден Дмитрий Баландин мен дәл сол спорт түрінен Қазақстан ерлер құрамасы қол жеткізді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы 34 медальмен Азия ойындарының жалпы рейтингінде 11 орында келеді.