АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында таэквондодан Қазақстан командасының мүшелері Руслан Жапаров пен Жансель Дениз жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК-тің баспасөз қызметі мәлім еткендей бүгін Джакарта қаласыда Жансель Дениз ( 67 келі) ширек финалда Вьетнам спортшысын 16:1 есебімен ойсырата ұтып, жартылай финалға өтті. Отандасымыз 1/16 бәсекеде Дениз Филиппин спортшысынан басым түскен болатын. Енді жартылай финалда Жансель өзбекстандық Светлана Осиповамен кім мықтыны анықтайды.
Ал команда үздігі Руслан Жапаров ( 80 келі) ширек финалдағы таиландтық қарсыласын 30:15 есебімен тізе бүктірді.
Фото: olympic.kz
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.