АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрлан Мырзабаев жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін 80 келіге дейінгі салмақта Нұрлан Мырзабаев пен 63 келіде Қазыбек Бахтиярұлы бақ сынады.
80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрлан Мырзабаев Азия ойындарының жартылай финалына жетті. Ал Мырзабаев ширек финалда қырғызстандық Акбар Айтахуновты 22:2 есебімен ойсырата жеңді.
Жартылай финалда біздің спортшы Оңтүстік Корея өкілі Ли Хва Чжунмен ақтық бәсекенің жолдамасын сарапқа салады.
Өкінішке қарай, 63 келіде ел намысын қорғаған Қазыбек Бахтиярұлы екінші айналымда Тайпей спортшысынан ойсырай жеңіліп, жарысты аяқтады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.