Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдодан ел құрамасы сапынан медаль алған Абиба Әбужақынова мен Мағжан Шамшадин жүлделері жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ел құрамасынан дзюдошы Абиба Әбужақынова (48 келі) Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды.
Ол финалда жапониялық Нацумо Цунодаға есе жіберді.
«Негізі бұл қарсыласыммен әлем чемпионаты ширек финалында кездескен едім. Азия ойындарында екеуіміз финалда жолығатынымды іштей сездім. Негізінде мен барлық қарсыласыма дайын келдім. Жарақаттан емделіп шыққаннан кейін алғаш медаль алғаныма қуаныштымын. Алдағы уақытта алтынға күш саламын. Бұйыртса, Париж төрінде жеңімпаз тұғырынан көрінуге тырысамын», - деді Абиба Әбужақынова.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.